BasNewsЖаңалықтар

Тағы 140 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 140 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Соңғы тәулікте коронавирустан 112, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 28 өлім дерегі тіркелді.

7 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 28 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 135 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері: ауырғандар саны – 63442, 3915 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 55723-ке жетті.

9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 31 504 пациент стационарда,
  • 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 981 адамның жағдайы ауыр,
  •  402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  192 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button