BasNewsЖаңалықтар

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, 7 адам зардап шекті

Алматыда троллейбус жерасты өткелініне соғылып, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Болған оқиғаның видеосы мен суреттерін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, жол апаты 21 тамызда сағат шамамен 14.50-де Байзақов көшесінен кейін тұрған батыс бағыттағы Абай даңғылында болған.

«Троллейбус жүргізушісі өзін нараш сезініп, көлікті басқара алмай жерасты өткелінің қабырғасына соғылды. Аталған дерек ПД-да тіркелді, тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады «Алматыэлектротранс» өкілі.

Апаттан балалар да зардап шекті. Ольга Бражникова Facebook-те екі немересі жарақат алғанын жазды.

«6 жасар қыздың кеудесі көгерген, ерні жыртылған, кішісінің мұрны сынды. Жедел жәрдем күтпедік», – деп жазды Алматы тұрғыны.

Алматы ПД мәліметінше, оқиға салдарынан троллейбустың жеті жолаушысы зардап шекті, олар қаланың түрлі медициналық мекемесіне жеткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button