BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары азайды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұған дейінгі тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 7 117 адамнан коронавирус анықталған еді.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 743 220 жетті», – делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 650,
  • Алматы қаласында – 1615,
  • Шымкент қаласында – 147,
  • Ақмола облысында – 278,
  • Ақтөбе облысында – 382,
  • Алматы облысында – 408,
  • Атырау облысында – 310,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 158,
  • Жамбыл облысында – 191,
  • Батыс Қазақстан облысында – 93,
  • Қарағанды облысында – 913,
  • Қостанай облысында – 291,
  • Қызылорда облысында – 124,
  • Маңғыстау облысында – 219,
  • Павлодар облысында – 320,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 159,
  • Түркістан облысында – 56.

Басқа жаңалықтар

Back to top button