BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің басым бөлімінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 24-26 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ аралас қысқа мерзімді жаңбыр жауады, қатты жел тұрады.

Республикамыздың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжанады: батыста түнде +17…22, күндіз +32…39 градус, солтүстікте түнде +13…18, күндіз +30…35 градус, орталықта және республикамыздың шығысында түнде +11…17, күндіз +27…33 градус, оңтүстікте түнде +15…22, күндіз +32…39 градус ыстық болады деп күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button