BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда КВИ мен пневмониядан көз жұмушылар саны артып барады

Қазақстанда бір тәулік ішінде 157 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, 550 науқас өте ауыр жағдайда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен (КВИ+) 131 адам коронавирустан, 26 адам ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды. 23 тамызда пневмонияның 428 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ, 25 тамыздағы мәлімет бойынша 120 864 адам коронавирус инфекциясынан (114 747 КВИ+ және 6 117 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  27 666 пациент стационарда,
  • 93 198 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 832 адамның жағдайы ауыр,
  • 550 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 262 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button