BasNewsЖаңалықтар
Екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңі белгілі болды

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы әйелдердің репродуктивті денсаулығы бойынша штаттан тыс бас маманы Наталья Долгушина екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңін атады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, Ресейде қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасын жүктілік кезінде қолдануға рұқсат берілген.
«Екпені 22 аптадан кейін салдырса болады», – деді Долгушина.
Коронавирустың ауыр түрі мен өлімінің алдын алу үшін вакцина салдыру қажет, деді маман.
Оның айтуынша, жүктілікті жоспарлау кезеңінде алдын ала вакцина алған дұрыс, алайда ол кезде алмаса, жүктілік кезінде салдыра алады.



