BasNewsЖаңалықтар
Жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды
Әскери нысанда жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
«Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды», – делінген хабардамада.
26 тамызда әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі қоймасында жарылысы болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты. 90-ға жуық адам жарақат алды. 100-ден аса жылжымайтын мүлік бүлінген.