BasNewsЖаңалықтарПікір

Алмас Тоқабаев: Митингке кімдер шығады?

Жалпы митингтерді екіге бөлуге болады: материалдық және абстрактілі.

Материалдық: жер мәселесі, жәрдемақы, пәтерге үлескер және т.б. Яғни қарапайым халық күнделікті тұрмыста кездесетін және өмір салтына тікелей әсер ететін мәселелер.

Абстрактілі: демократия, сайлау, құқық және т.б. Бұл қоғам үшін маңызды болғанымен материалдық жағдайыңа, яки қалтаң мен қарныңа қатысы тікелей сезілмейді.

Енді қайсы митинг бұқаралық сипат алатынын білесің. Көпшілік жағдайда қалтаңды қақпаса қозғала бермейміз. Сананы тұрмыс билейді яғни.

Ал дәл қазір біз үшін абстрактілі ұғымдар болып тұрған адам құқығын талап ету үшін мықты орта тап керек. Біздің орта тап мемтапсырыста отыр. Бір кем дүние әйтеуір…

 

  • орфографикасы мен стилистикасы сақталған
  • дереккөз facebook.com/kozildirik

 

Back to top button