BasNewsЖаңалықтар

«СҚ-Фармацияның» ақталып шыққан экс-басшысы қайтадан қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық алқасы «СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы төрағасы Берік Шәріптің ісін қарап, ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы елордалық сот хабарламасында айтылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Сот алқасы бірінші сатыдағы сот қорытындыларын негізсіз деп танып, Шәріпті қызметтік жағдайын теріс пайдаланғаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай деп таныды.

Осыған байланысты Шәріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, дереу қамауға алынды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылы 4 тамызда судья Берік Шәріпті қамаудан босатып, айыппұл салу туралы шешім шығарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button