BasNewsЖаңалықтар
Өскемен әуежайының маңында ұшақ құлады (видео)
«Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған. Барлығы аман», – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Орлан 2000″ әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командиріне Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қону керек болды. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ», – деп хабарлады Азаматтық Авиация комитетіндегілер.