Қостанайлық команда SunFinance Cup турнирінің жеңімпазы атанды

19 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда #АуылФутбол жобасы ұйымдастырған SunFinance Cup сериясының кезекті турнирі өтті. Қостанай облысының Тағыл ауылының FC Tagil командасы турнир чемпионы атанды, деп хабарлайды Basnews.kz.
Турнирге 4 облыстан – Ақмола, Ақтөбе, Түркістан және Қостанай облыстарынан 8 команда қатысты.
Бұл MFC Aqkol, FC Dauyl, FC Tagil, «Егіндікөл», «Қоянды», «Spartans» и «Spartans Талапкер».

Жартылай финалға Ақтөбе облысынан MFC Aqkol , Түркістан облысынан FC Dauyl, Ақмола облысының «Spartans» Қостанай облысының FC Tagil шықты.

Бұл кезеңде финалда кездескен қостанайлықтар мен ақмолалықтар арасында ойын тартысты өтті. Пенальти сериясында ФК Tagil жеңісті жұлып алып, турнир жеңімпазы атанды.
Үшінші орын үшін матчта MFC Aqkol командасын FC Dauyl пенальтиде жеңді.
Турнирдің үздік қақпашысы Асқар Нұрасыл – спартандықтар командасы, үздік қорғаушы Жолбарыс Мадяр (ФК Тagil), турнирдің үздік ойыншысы – Әбдіғали Диас (MFC Aqkol) болды.

Командаларға кубоктар, сертификаттар, сыйлықтар – доптар, жаттығу құралдары, ойын формалары табыс етілді. Сонымен қатар, демеушілерден үздік ойыншыларға үстел ойындары ұсынылды.

Өткен турнир SunFinance кубогы сериясындағы үшінші – алғашқы екеуі Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында өтті. Тағы екі турнир Алматы (қазанда) мен Түркістан (қарашада) облыстарында өтеді.

Біз демеушілеріміз SunFinance, Kozildirik Media Group, OLZHA-Agro, Egistik IT, Футзал Федерациясына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы басталды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері – ауылдық жерде балалар футболының дамуына ықпал ету.



