BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 59 адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 59 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Қайтыс болған 50 адамда COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен, ал 9 адамда – теріс. Сондай-ақ, 20 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 317 жағдайы тіркелді.

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (58 738 КВИ+ және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 12 105 пациент стационарда,
  • 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1000 адамның жағдайы ауыр,
  •  248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  143 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button