BasNewsЖаңалықтар

Түркістандағы Тайқазанның елге қайтарылғанына 32 жыл

Қазақ халқының ғана емес күллі түркі жұртының киесі саналатын Тайқазанның құйылғанына 622 жыл. Ал, Ресейден тарихи орнына қайтарылғанына 32 жыл толды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Осы айтулы датаға орай Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде «Құт пен берекенің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды. Мұнда Тайқазанды Санкт-Петербургтен алып келген сәт, қазанды орналастырып жатқан кезден үзінді 50 шақты фотосуреттер қойылған. Сондай-ақ, Кесенеге келушілер енді тайқазанның тарихына ғана қанығып қоймай, қара қазанның әр кезеңі таспаланған суреттерін де тамашалай алады. Көрме 1 айға жалғасады.

Айта кетейік, 1935 жылы Ресейде өткен Иран қолөнершілерінің 3-ші халықаралық құрылтайында тайқазанды көрсетпек боп алып кеткен. Сол кеткенінен оралмай араға 54 жыл салып Өзбекбекәлі Жәнібеков бастаған топ киелі қазанды тарихи орнына қайтармақ боп құжат жинай бастаған. 5 жылға созылған Тайқазан үшін күрестің нәтижесінде 1989 жылы 18 қыркүйекте құнды жәдігер елге оралған еді.

 

Back to top button