Пікір

Максим Рожин: Қазақ тілінің еріктісіне айналайық!

Қазақ тілі дамып, өзіне лайықты денгейде болсын десек, қазақ тілін оқытып жатқандар, үйренгісі келетіндер, қазақ тілін білетіндер, барлығымыз осы мәселеде БІРІГЕЙІК!!!

Еріктілер жылында, мемлекеттік тілімізге де бір пайдамызды тигізіп, тіліміздің еріктісіне айналайық! Жанымызда үйренгісі келетін досымызға, жолдасымыз бен құрбымызға, үйренуге шын ниеті бар әріптесімізге бар көмегімізді беріп, білмегені үшін көкірегінен теппей, керісінше бар қолдау жасап, тіпті соған күнделікті уақытымызды бөлуге дайын болатындай тіліміздің жанашырына айналайық!

Бұл біздің азаматтық позициямыз болсын! 30 жылда қазақ тілін жетпеген тұғырына жеткізу ісінде бірігейік!

Оқыту курстары, ең мықты ұстаздар, кітаптар мен арнайы клубтар, бірігіп үйренгісі келетіндерге көмек берейік.

Абайдың, Әуезовтың, Мағауиннің, Уалихановтың, Дулатовтың, Байтұрсыновтың, Тлендиевтің тілін үйрене алмай, ортамызға 30 жылдан бері қосыла алмай жүргендерді сөйлетейік. Ел болып, қоғам болып, осы мәселеде көкіректен теппей, керсінше қол ұшын беріп, қазақ тілінің дамуына титімдей болса да үлесімізді қосайық!

КӨМЕК БЕРЕМІН ДЕЙТІН АЗАМАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ОСЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА ШАҚЫРАМЫН!!!!

БІРІГЕЙІК осы мәселеде!

 

 

Back to top button