BasNewsЖаңалықтар
Көкшетау мен Қостанайда қар жауды

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Көкшетауда биыл күздегі алғашқы қар жауды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.
Ақмола облысына да қалың қар түсті. Көкшетау тұрғындары әлеуметтік желілерде қар жергілікті жүргізушілерге көптеген қолайсыздық туғызғанын жазып жатыр.



