BasNewsЖаңалықтар
Коронавирус пен пневмониядан 44 адам қайтыс болды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 44 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 39, пневмониядан 5 адам көз жұмған.
3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (51 373 КВИ+ және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 10 147 пациент стационарда,
- 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 753 адамның жағдайы ауыр,
- 227 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 142 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.