BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Президент құттықтауын Twitter-де жариялады.
«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы.