BasNewsЖаңалықтар
Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

Бүгін елорда мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.
«27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды» делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, қалада кеше жауған жауыннан соң көктайғақ болды. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.



