BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған анасы ұсталды

Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://www.instagram.com/p/CVMzl7wM4Iu/
Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.



