BasNewsЖаңалықтар

Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Алматылық Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа берілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тергеу барысында алынған материалдар зерттеу үшін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

«Т-ға қатысты зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс жабық режимде қаралады, өйткені іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты. Алдын ала тыңдау кезінде сотталушыға қатысты істі не алқабилер, не судьяның жеке қарау мәселесі шешіледі. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істі қарау күні туралы қосымша хабарланады», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button