BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан тағы екі елдің екпе төлқұжатын мойындады

Қазақстан тағы екі елдің – Мальдив Республикасы мен Иорданияның екпе құжатын мойындады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов екпе құжатын тану туралы жаңа қаулы шығарды.
Бұған дейін Қазақстан 15 мемлекеттің: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияның вакциналау төлқұжатын мойындаған болатын. Енді бұл тізім тағы екі елмен толықты, яғни Мальдив Республикасы және Иорданиямен.



