BasNewsЖаңалықтар
Маңғыстауда бес әскери қызметші жарақат алды

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған.
«Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр», – делінген хабарламада.



