BasNewsЖаңалықтар
8 наурызда әйелдерге 3 доллардан беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, – деп хабарлайды Түрікменстан хроникасы.
Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі.
Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.



