BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бір күнде 125 жол-көлік оқиғасы болды

Нұр-Сұлтандық полицейлер бір тәулікте 125 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін айтып, жүргізушілерден жолда абай болуды сұрады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Елордада бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан үш адам зардап шекті. Таңғы сағат 7.00-ден бері 35 жол-көлік оқиғасы орын алды», – деді полицейлер.

2 қараша күні кешкі сағат 20.00 шамасында 36 жастағы Shacman жүк көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылының бойында LRT бетон арматурасымен соқтығысқан. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда өте абай болуды және жылдамдықты шектеуді, қашықтық сақтауды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button