BasNewsЖаңалықтар

Жезқазғанның тең жартысына жуығы жарықсыз қалды

Жезқазғандағы Kazahmys Energy ЖШС-ның жылу электр орталығында алапат өрт болып, салдарынан қаладағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарының 40 пайызы бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Патриот» парақшасында хабарланғандай, төтенше жағдай 7 қараша күні сағат 18:43-те орын алды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың көлемі шамамен 100 шаршы метрді құрады.

Электр цехтың сым қабатындағы жарамсыз шамдар, жоғары вольтты басқару кабельдері және бес блок терезе өртенді. Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен электр цехынан жеті адам эвакуацияланды. Өрт 20:11-де сөндірілді, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайға байланысты Жезқазғандағы тұрғын үйлер мен нысандар жарықсыз қалды. 30-40 пайызы көлемі туралы сөз болып отыр. Қаланы электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сағат 22:00 шамасында кейбір үйлер электр жарығына қосылып, ал жарықсыз қалған үйлердің саны 15 пайызға жуықтады. Қазірдің өзінде сағат 23:00-де желілерді қайта қосу аяқталып, барлық тұтынушыларға электр қуатын беру қалпына келтірілді. Жылумен қамту жүйесінде ақау болған жоқ. Барлық жылу магистральдары, әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлады Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button