BasNewsЖаңалықтар
Жасөспірімдерге ата-анасының жазбаша рұқсаты болғанда ғана екпе салынады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer препаратымен вакциналауды тапсырды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ералы Тоғжанов барлық облыстардың басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана вакциналауды тапсырды, деп жазды Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында жазды.



