BasNewsЖаңалықтар

Алматылық атқыштың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеу басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастады. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қадағалау органы мәліметінше, қылмыстық іс 1 қазанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы негізінде қозғалған.

«Күдікті Игорь Дужновқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 362-бабы 2-бөлігі («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану арқылы зорлық-зомбылық жасау») бойынша іс жүргізіліп жатыр», – деді прокуратура.

Бұған дейін ұсталғаннан үш күн өткен соң, сот отырысына қатысушылар Игорь Дужновтың бетінде көгергенге ұқсас қара дақтарды байқағаны хабарланды. Содан кейін қалалық прокуратура бұл деректі тіркеп, материалдарды тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button