BasNewsЖаңалықтар

Екі облыста жолдар жабылды

Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген жол учаскелерінде жел мен бұрқасын салдарынан барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

17 қарашада сағат 16.30-да Жамбыл облысында ауа райының нашарлап, қар жауып, боран болып, жол көрінбей, «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 160-238 шақырымында, Кенен ауылы – Благовещенка ауылы учаскесінде автокөліктің кез келген түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ, 17 қарашада сағат 17.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлап, бұрқасын болып, жол көрінбеуіне байланысты «Сарыөзек-Көктал» 45-68 шақырымдық тасжолында, Алтын Емел асуы, «РСУ-1» ЖШС қайта жаңарту учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Төтенше жағдайларды болдырмау, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік жүргізушілерді ұзақ сапарларға шықпауға шақырды.

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы call-орталыққа хабарласа аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button