BasNewsЖаңалықтар

Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты

Алматыда «Ақсай» сауда үйінен өрт шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«20 қарашада сағат 13.45-те өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырумен шығып, 6 минуттан жеткен. Олар келгенде «Ақсай» сауда үйінің бірінші және екінші қабатында 150 шаршы метр алаңда бутиктер өртеніп жатқан», – деп хабарлады төтеншеліктер.

Үш әмбебап оқпан мен бір лафеттік оқпан орнатылады, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін жою автомобилі жұмылды. АД 120 түтін жойғыш автомобилі жанып жатқан заттардың концентрациясын төмендету және көрінуді жақсарту үшін қолданылды.

Алматы қаласы ТЖ департаменті өкілдері өрт 14.05-те ауыздықталып, 14.12-де сөндірілгенін хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт басталғанда ғимаратта келушілер болмаған. Екі бутик қана жанған, жоғарғы бутиктер бос болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button