BasNewsЖаңалықтар

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен қыздың қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Өкінішка орай, Ақмола облысы Шортанды ауылында 22 қарашада кешке жарылыс кезінде зардап шеккен 2011 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Бала ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр болғасын, жансақтауға жатқызылған. Денесінің 60 пайызы термиялық күйік алған, бала комада болды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, жансақтаудағы науқасты құтқару мүмкін болмағаны хабарланды.

«22 қарашада сағат 23:00-де баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шараларының аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Қыздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button