BasNewsЖаңалықтар
Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен кетіп, орнына Қанат Бозымбаев тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», – делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.
Қанат Бозымбаев 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып қызмет атқарды.


