BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін 7-сынып оқушысы қайтыс болды

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін 7-сынып оқушысы қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz  тілшісі otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Бала оқитын мектеп директорының айтуынша, 19 қарашада дене шынықтыру сабағында оқушы өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді жеке кабинетіне апарып, жағдайын мектеп медицина қызметкеріне жеткізген. Дәрігер тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Оқиға туралы баланың анасы дереу хабардар етілді.

«Жедел жәрдем баланы ауруханаға жеткізді. Бала жансақтау бөлімінде болған. 2021 жылдың 20 қарашасында таңертең анасына телефон соғып, жасөспірімнің жағдайын сұрағанда, ұлы түнде қайтыс болғанын айтты».

Жанат Тәжиеваның сөзінше «№1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының» 7-сынып оқушысы 2021 жылдың 19 қарашасында түнде емхананың жансақтау бөлімінде жедел жүрек-өкпе жеткіліксіздігі диагнозымен қайтыс болған.

«Баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», – деді Жанат Тәжиева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button