BasNewsЖаңалықтар
«Қызыл» аймақта бір облыс қалды
Павлодар облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «сары» аймаққа өтті. Қазір «қызыл» аймақта бір ғана облыс қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2021 жылғы 27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.



