BasNewsЖаңалықтар

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен рұқсатсыз кетіп қалған

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы әскери институттың 210 курсанты 1 желтоқсанда оқу орнынан кетіп қалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курстың 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған.

Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтің айтуынша, курсанттардың өз бетінше кетіп қалуының себебі – кадр тағайындалуында келіспеушілік, факультет (курс) бастығының ауысуы және бұрынғы басшылықты қайтаруын сұрауы», – делінген хабарламада.

2 желтоқсанда таңғы 9-дан бастап курсанттар сабаққа қатысқаны атап өтілді. Олардың ата-аналарына болған жағдай хабарланады.

Бұл дерек бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button