BasNewsЖаңалықтар

Демалыс күндері ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4-6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклон әсер етеді: жаңбыр, құмды дауыл, жел болады деп болжанады. 5-6 желтоқсанда Республиканың көп облыстарына солтүстік-батыс циклон әсер етіп, атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

«Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз – 3 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді – түнде 6 градус аяз – 3 градус жылыдан 3-11 градус аязға дейін, күндіз 0-8 градус аяз, солтүстікте температура төмендейді – түнде 5-13-тен 10-18 градус аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 градус аязға дейін, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы ауытқыйды – түнде 5-13-тен 10-20 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градус аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус аяз – 7 градус жылы, күндіз 2-12 градус жылы», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button