BasNewsЖаңалықтар
Елордалық зейнеткер қар тазалайтын техниканың астына түсіп, мерт болды
65 жастағы астаналықты қар тазалап жатқан шағын көлік басып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«7 желтоқсанында сағат 15:45 шамасында шағвн қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып, артқа шегінгенде тротуармен келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.



