Атырауда да тұрғындар сауда үйлеріне тек «жасыл» мәртебемен кіре алады
10 желтоқсаннан бастап жұмыс күндері Атыраудағы сауда және ойын-сауық орталықтарына Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіре алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.
Шектеулер келушілерге де, қызметкерлерге де қатысты.
«10 желтоқсаннан бастап жұмыс және демалыс күндері сауда орталығына қызметкерлер мен келушілер қауіпсіз «жасыл» статусы болған жағдайда кіре алады. Яғни вакцина алған жағдайда, ПТР-сынамасы теріс (алынған сәттен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде) және соңғы үш ай ішінде коронавирустан айыққан, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері болған жағдайда», – деді Атырау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева.