Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 10 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Синоптиктер 9-12 желтоқсан аралығында түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжап отыр. Күндіз 10 желтоқсан Алакөл ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 18-23 м/с, 11-12 желтоқсан облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғадығ екпіні – 20-25 м/с, 29 м/с.
10 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында боран соғып, көктайғақ болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Оралда көктайғақ болады.



