BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті

Атырау облысында тас жолда 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  «Мой город» порталына сілтеме жасап..

Төтенше жағдай 10 желтоқсан 14.00 шамасында Атырау-Маңғыстау республикалық автожолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болды.

Тас жолда 12 тонна мақта тиелген үлкен жүк көлігі жанып кетті. DAF маркалы фура Тәжікстаннан Түркияға бара жатқан.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15:54-те ауыздықтады.

18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарасақ, тіркеме мен оның ішіндегі жүктен түк қалмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button