BasNewsЖаңалықтар

Атыраудағы университеттердің бірінде оқитын студент 16-қабаттан секірді

Атырауда 19 жастағы бойжеткен қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің 16-қабатынан секіріп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақжайық порталының мәліметінше, ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті болған.

Қыздың жақсы оқығаны, белсенді болғаны және қоғамдық іс-шараларға ат салысып жүретіні атап өтіледі.

Айта кетсек, бір ай бұрын қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секіруге әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ ол кезде оны дер уақытында байқап қалған күзетші тоқтатқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button