BasNewsЖаңалықтар

Ауа температурасы алдағы үш күнде тағы төмендейді

Қазгидромет мамандары 14-16 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы температурасы төмендейді, өңірлерде жауын-шашын тоқтайды.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.

Алайда 16 желтоқсанға қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температура төмендеп, жауын-шашын  біртіндеп тоқтайды деп болжанып отыр.

Алматыда 14 желтоқсанда күн бұлтты болады, түнде -2°C, күндіз +2°C көрсетеді. 15 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -2°C, күндіз +1°C болады.

16 желтоқсанда ауа температурасы түнде -4°C, күндіз +1°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 14 желтоқсанда ауа температурасы түнде -21°C, күндіз -15°C көрсетеді. 15 желтоқсанда түнде -17°C, күндіз -6°C болады. 16 желтоқсанда түнде -7°C, күндіз -5°C болады.

Шымкентте 14 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +1°C, күндіз +5°C болады. 15 желтоқсанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде -1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 16 желтоқсанда күн ашық болады, түнде -3°C, күндіз +4°C болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button