BasNewsЖаңалықтар

Ұлттық ұланның екі сарбазын пышақтап кетті (видео)

Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 29 ақпанда болған. «Сәтбаев-Жезқазған» бағытында келе жатқан маршруттық автобусты «Кеңгір» аялдамасында Hyundai автокөлігімен белгісіз тұлғалар тоқтатып, салонына кіріп, бұзақылық ниетпен ҚР ІІМ ҰҰ екі әскери қызметшісіне пышақпен жарақат салған.

Назар аударыңыз! Боқтық сөздер айтылады!

 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жүгінді. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Осы дерек бойынша ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласы ІІБ полиция қызметкерлері Сәтбаев қаласының 32-37 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталғандардан пышақ тәркіленді, делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button