BasNewsЖаңалықтар

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу атылады

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Отшашу ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан аса түрлі іс-шара өткізілетіні туралы хабарлады:
  • 15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде «Жасай бер, Қазақ елі» атты концерт өтеді;
  • Осы күні Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады;
  • Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді;
  • 16 желтоқсанда «Тұран» университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан»операсының премьерасы болады.
  • Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button