BasNewsЖаңалықтар

Данияр Елеусінов IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасындағы жекпе-жектің жүлдесі отандасымыздың еншісіне бұйырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Шоудың басты жекпе-жегінде Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен жұдырықтасып, жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін сарапқа салды.

Елеусінов қарсыласын екінші раундта екі рет, үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Бірақ аргентиналық боксшы кездесуді жалғастырып, 12 раундқа шыдады. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Елеусінов тарихта әлем чемпионы белбеуін таққан бесінші қазақстандық атанды. Бұған дейін әлем чемпионы титулына Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов қол жеткізген еді.

Айта кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы, 2013 және 2015 жылдары Азия чемпионы болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button