BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы № 874 қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қаулы мәтініне сәйкес, министрліктерде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін», – делінген қаулы мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button