BasNewsЖаңалықтар

Алматыда «омикрон-штамы» анықталған жоқ

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада «омикрон» штамының табылмағанын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте коронавируспен ауыратындардың саны азайғанын хабарлады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша тәулігіне 30-40 жағдай тіркеледі, осыған орай қала «жасыл» аймақта .

Коронавирустың жаңа штамы Алматыда тіркелген жоқ.

Бүгінгі таңда біз Денсаулық сақтау министрлігінен секвенирлеу нәтижелерін алдық. Біздің қалада «омикрон» табылған жоқ, – деді Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жаңа штамм пайда болғаннан бері Алматы әуежайына «омикрон» табылған елдерден 1600 адам келді. Германиядан келген алты жолаушыда коронавирус анықталды. Олардың ПТР-тестінің нәтижелері Нұр-Сұлтанға жіберілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button