BasNewsЖаңалықтар

Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жандарбек Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабулов растады. Оның айтуынша, Бекшин зейнет демалысына шығады.

«Туған күнінен бастап зейнет демалысына шығады», – деді ол.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке сүйенсек, Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Ол екі аптадан кейін 64 жасқа толады.

Кейін Бекшиннің өзі қызметінен кететінін растады. Ол 27 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына, келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығатынын айтты. Оның айтуынша, Еңбек шарты бойынша келісім мерзімі аяқталаған.

Айта кетейік, Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитария дәрігері болып 2020 жылы сәуірде тағайындалған болатын.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова уақытша атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button