BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан тағы 13 қазақстандық қайтыс болды

Бір тәулікте 13 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қайтыс болғандар арасында 9 адамда коронавирус, 4 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 209 адам коронавирус инфекциясынан (15 855 КВИ+ және 2 354 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 2 776 пациент стационарда,
  • 15 433 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  248 адамның жағдайы ауыр,
  •  72 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  56 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

2021 жылғы 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 939 377 адам, II компонентін 8 447 584 адам салдырғаны белгілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button