BasNewsЖаңалықтар
Тоқаевқа тарту етілген тазы мен ақалтеке жылқысы қайда?

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген сыйлықтарды жария етті. Көптеген мемлекет басшылары тарту еткен дүниелер қазір Ақордада тұр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Еуразия» телеарнасына сілтеме жасап.
Қазан айында Түркіменстанға сапары барысында Гурбангулы Бердімұхамедов берген ақалтеке жылқысы қазір Президент іс басқармасына қарасты кешенде тұр екен. Ал түркіменбашы тарту еткен тазыны саятшылар аңшылыққа баулып жатыр.



