BasNewsЖаңалықтар
Семейде пойызда зорлауға оқталу дерегі бойынша іс тіркелді
Әлеуметтік желілерде Семейдегі пойыздардың бірінде әйелді зорлауға оқталу дерегі бойынша ақпарат пайда болды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт Семей станциясында тіркелгенін хабарлады. ҚР Қылмыстың кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл іс бойынша басқа ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмеуге тиіс.



